21 Қыркүйек 2019
29

Оралда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін М.Ықсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде тауар өндірушілерге сауда орындары тегін берілді. Жәрмеңкеге Ақжайық, Бәйтерек,Теректі, Шыңғырлау, Сырым аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 120-ға жуық тауарөндіруші қатысты.

Барлығы 6 бас жылқы еті, 20 бас сиыр еті, 4 бас қой еті, 21 000 дана жұмыртқа, 12,3 тонна картоп, 1,2 тонна қызанақ, 1,8 тонна қырыққабат, 1,5 тонна сәбіз, 7,7 тонна пияз, 1,5 тонна бұрыш, 5 тонна қарбыз, 2,5 тонна қауын, сондай-ақ шұжық, ет жəне ет өнімдері, жеміс-жидектер сатылды.

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан 10-15% төмен болды.