30 Қыркүйек 2019
250

Оралда «Вокзалдағы қабылдау» акциясы өтті

Орал станциясындағы темір жол бекетінде «Вокзалдағы қабылдау» мобильді қабылдау акциясы өтті.

 

 

Азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетуді мақсат еткен акция «Мүлдем төзбеушілік» кең ауқымды акциясы аясында өткен. Акцияға Орал көлік прокуроры әділет кеңесшісі Тимур Шуленбаев, «Нұр Отан» партиясының өкілі Қасым Шайхиев, Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қайрат Жақиянов, аймақтық көлік басқармасының аға прокуроры Шахзада Әлібекова және басқа қызметкерлер қатысты. Акция кезінде тұрғындар пойыздарға жол жүру билеттерін алу, ҚР мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі, мемлекет аумағынан тыс жерлерде жүру тәртібіне қатысты сауалдарды қойды. Олардың арасында ҚР көшіқон заңнамасы бойынша сұрақ қойған шетел азаматтары да болды.