27 Қыркүйек 2019
44

Оралдың белсенді жастарына тренинг өтті

Орал қаласында белсенді жастар үшін «Әлеуметтік инновациялар» семинар-тренингі өтті. Тренингтің негізгі мақсаты - әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласында кәсіби білім мен дағдыларды игеру, өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыру жолдарын іздеу.

 

 

Жастардың кәсіби байланыстарын арттыруды да мақсат еткен тегін тренинг 4 басым бағыт бойынша - әлеуметтік жобалау, әлеуметтік кәсіпкерлік, фандрайзинг және әлеуметтік коммуникацияларды негізге алып өткізілді. Оқыту іс-шарасы "ЗУБР" әлеуметтік корпоративтік қоры жүзеге асыратын "Әлеуметтік жобалаудағы жаңа тәсілдерге оқыту бағдарламасын әзірлеу, gr, фандрайзинг, әлеуметтік коммуникациялар, білім беру курстары, елдің өңірлері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында финалы бар және жастар үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларының конференциясын өткізу" жобасы аясында өтті.

 

 

Жоба жастар жылы аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC)" КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылды. "Ғылыми зерттеулерге қолдау қоры" жеке қорының директоры Айболат Құрымбаев және «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы» жеке қорының директоры Әлішер Гумаров жоғарыда айтылған жоба аясында "Әлеуметтік инновациялар" Жастар Лигасы жаттықтырушыларға арналған республикалық тренингтің қатысушысы болды. Оқытылған және дайындалған жаттықтырушылар Орал қаласында осы оқу іс-шарасын өткізеді, тренинг арқылы өз білімдерін аймақтағы жастарға береді.