02 Қазан 2019
57

Биыл БҚО-да 2224 адам зейнетақы алу үшін құжат рәсімдеген

Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 52 мың азаматқа рәсімделген. Жалпы елімізде зейнетақы төлемін 2,2 млн адам алады.

 

 

Зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған. Мұнда зейнетақы базасына – 5 954 тіркелген. Ал ең аз өңір – Атырау облысы. Бұл облыста биыл 1 554 азамат базалық зейнетақы ала бастаған. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 224 азамат зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеген.  «Зейнеткерлік – қарттықты әдемі қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткізуге мүмкіндік беретін шақ. Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармайақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады», - дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі былтыр қазан айында енгізілді. Биыл зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіріп жолданатын смсхабарлама енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдаланад