04 Қазан 2019
177

Инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

Батыс Қазақстан облысының  әкімі Ғали Есқалиев өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, жергілікті бизнесті дамыту мақсатындағы  инвестициялық жобалардың жүзеге асыру жолдарын талқылады.

 

Сондай жобалардың бірі - облыс орталығынан 20 шақырым жерде бой көтеретін  индустриалдық аймақтың құрылысы. Қазіргі уақытта учаскеде инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдар тарту жұмыстары жүруде. Индустриалды аймақтың аумағы 281 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны 14,4 млрд. теңге болса оның ішкі инфракұрылымы үшін 3,8 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінбек. Оның жүзеге асуы Орал қаласының ғана сұранысы емес, шаһар маңының тұрғындары үшін де қажеттілік  туындатып отыр. Бүгінде жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, агро өнеркәсіптік кешен іске қосылмақ.  Сондай-ақ жиында кәсіпкерлер назарына Батыс Қазақстан облысындағы жылына 3 млн. тонна цемент өндіретін зауыттың құрылысы, Ақсай қаласындағы кірпіш зауытының құрылысы, «Пош-Руно» ЖШС базасындағы тері өңдеу жобалары секілді 20-ға жуық болашағы зор жобалар таныстырылды.

 

Өңір басшысы Ғали Есқалиев кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік  танытуға және жобаларға қызығушылық танытқан  шет елдік серіктестерді тартуды шақырды.