07 Қазан 2019
164

Театрдың жаңа маусымы басталды

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ХХVII маусымы басталды

Жазушы, драматург Иран-Ғайыптың «буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып», ел азаттығы жолында жанын құрбан еткен ақын, батыр Махамбет Өтемісұлына һәм халық қаһарманы Исатай Тайманұлына арналған трагедиялық «Махамбет» қойылымымен ашылды.

 

ХIХ ғасырдағы саяси жағдай, халық ызасы, үрейі, қорқынышы, ерлігі, жанкештілігі суреттелген бұл пьеса кез кезген адамға әсер қалдырғаны анық. Әсіресе, біздің қоғамдағы жағдайларға тікелей қатысы бар ойлардың қонақтарды бір серпілтіп тастағаны анық. Әртістер де өз рөлін жоғары деңгейде ойнап шықты