07 Қазан 2019
101

Батысқазақстандықтар Азия кубогының жүлдегерлері атанды

Жуырда Алматы қаласында қол күресінен жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында ашық Азия кубогі өтті.

 

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Иран, Тәжікстан, Түркіменстан, Үндістан, Малайзия елдерінен келген құрыш білек спортшылардың байрақты бәсекесінде Жәнібек ауданының Талов ауылынан Рахат Қабылов жеңімпаз атанса, қамыстылық Рахат Көшкінғали күміс медальға ие болды. Айта кету керек, қазіргі таңда екі спортшыны Орал қаласындағы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Мұрат Ибатов жаттықтырады. Ал Рахат Көшкінғалидің алғашқы жаттықтырушысы қамыстылық Марал Төлешев.