10 Қазан 2019
37

Батысқазақстандық делегация Саратов қаласындағы форумға қатысты

10 қазан күні облыс әкімдігінің басшылық құрамы мен өңірдегі бизнес өкілдері, Саратов қаласындағы "Тек қана алға" екінші экономикалық форумына қатысты. Өңірден аттанған делегацияны облыс әкімі Ғали Есқалиев бастап барды.

 

 

Саратов облысы тек Батыс Қазақстан облысымен ғана шектеседі. Соған байланысты көршілес аймақ өңірдегі кәсіпорын- мекемелермен экономикалық ынтымақтастық орнатуға баса ден қойып келеді. Форум барысында Саратов пен Озинки аутожолын қайта құру 2021 жылға дейін аяқталатыны сөз болды. Ресейлік бизнес өкілдерінің есебінше, Саратов облысынан бұл жол арқылы тәулігіне 5 мың  аутокөлік жүреді. Облыс әкімімен кездесуде ресейлік компаниялардың бизнес өкілдері  аталмыш жолдың бойына кэмпинг, жанар жағармай стансасын салу, газ аппаратураларын өндіретін біріккен кәсіпорындар салу, сондай-ақ облыс аумағында жоғалып кеткен адамдарды іздеу жүйесін енгізу төңірегіндегі жобаларымен бөлісті.

   Өз кезегінде облысымыздан барған өкілдер серіктестеріне  ет, макарон өнімдері мен трансформатор тасымалдауды арттыру  қажеттін жеткізді.

     Бір қызығы,  Ресей Федерациясы    жетекшілерінде   инвесторларды тартудың бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, олар аймаққа белгілі бір инвестициялар салған жағдайда кәсіпорындарынан алынатын табыс салығының мөлшерлемесін төмендете алады.

   Сондай-ақ, аймақ басшысы  Приволжск  темір жолының  бастығы Сергей Алмеевпен кездесті. Кездесу барысында Бөкейорда және Жәнібек аудандарының ауыл тұрғындары үшін көлік жағдайын жақсарту туралы әңгіме өрбіді.

    Форум барысында Қазақстан достарының бизнес-клубын құру туралы ұсыныс айтылды.

 ҚХА съездерінің бірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ассамблея халықтарының тарихи отандарындағы бизнесімен байланыстарын жандандыру қажеттігін атап өткен еді.

   Осыған байланысты облыстық  ҚХА төрағасының орынбасары  Ғайса  Қапақов форумда Саратов- Қазақстан достарының бизнес-клубын құруды ұсынды. Бұл ұсыныс Саратов облысындағы қазақ диаспорасы мен бизнес  өкілдерінің қолдауына ие болды. Кәсіпкерлердің  қатысуымен ұйымдастырылатын  бейресми клуб үстіміздегі жылдың қараша  айының соңында  жұмыс істей бастайды.

Саратов облысының қазақ диаспорасы мен бизнес өкілдері экономикалық ынтымақтастықты жақсартуға қызығушылық танытты.Клуб әртүрлі инвестициялық идеяларды, сауда саласындағы ынтымақтастықты және нақты жобаны қолдау үшін аймақ басшылығына қолжетімділікті талқылайды деп жоспарлануда.

Форум аясында БҚО әкімі Ғали Есқалиев Саратов облысының губернаторы Валерий Радаевпен кездесті.

   Кездесуде көшбасшылар экономикалық мәселелерді,аймақтардың шекарасында «Фомин» өткізу  бекетінің  логистикалық орталығын  құру, мәдени және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

     Белгілі болғандай, губернатор Валерий Радаев  Батыс Қазақстан облысына  әлі келіп көрмеген. Облыс әкімі өзінің әріптесін келесі жылы іссапармен Оралға шақырды.