11 Қазан 2019
94

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 72 пәтер кілті иелеріне табысталды

Аудан орталығына арнайы болған  облыс әкімі Ғали Есқалиев    тұрғын үй мен "Әлем" супермаркетінің ашылуына куә болды және күрделі жөндеуден өткен Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жағдайымен танысты.

 

 

Тұрғын үй  "Альтаир" ЖШС-ның мердігерлігімен салынған. Жалпы саны 72 отбасына арналған тұрғын үй әлеуметтік әлсіз санаттағыларға берілді. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 800 миллионнан астам теңге бөлінді.

 

 

 

 

 

Облыс әкімі ауыл тұрғындарын қуанышты  жағдаймен  құттықтады.

- Біз жаңа қоныстанушылар үшін өте қуаныштымыз. Жаңа, кең және жылы үйлеріңізде  бақыт тілеймін. Тасқаланың  болашағы зор. Таяу жылдары шекарадан Саратов қаласына дейінгі жол құрылысы аяқталады. Сонда тас жол бойындағы көліктердің легі  артып, жергілікті тұрғындардың бизнес ашуға, кірістерді ұлғайтуға мүмкіндіктері мол болады, - деді аймақ басшысы.

 

 

Сондай-ақ Тасқала ауылында «Әлем» супермаркетінің ашылуы  өтті. Жоба  облыс  әкімінің  инвестиция тарту  туралы  тапсырмаларын  орындау аясында аудан басшылығының қолдауымен жүзеге асып отыр.

 

 

- Біздің елде бизнесті бастау үшін барлық жағдай жасалған. Фермерлерге  субсидиялар, сауда-саттық үшін тиімді несиелер  беріледі.Бұл кәсіп 25 жұмыс орнын ұсынады. Шамамен 80 миллион теңге инвестицияланды. Бұл  мол қаржы. Қуанжан Абатовқа сәттілік тілеймін. Біз осындай кәсіпкерлік бастамаларды құптаймыз және қолдаймыз, - деді облыс әкімі.

 

Сондай-ақ, өңір  басшысы аудан орталығындағы  күрделі жөндеуден өткен мектептің  жұмысымен танысты. С.Жақсығұлов атындағы орта мектеп 1962 жылы салынған. Мектепті күрделі жөндеуге «Ауыл-бесілігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 102,5 млн.  теңге бөлінді. Мектептің білім беру мекемесінің жаңартылуы Кеңес Одағының Батырының 95 жылдығына  сәйкес келуде. Қазір мұнда 277  оқушы  оқиды. 

 

 

-Қазір біздің мектеп жаңаланды.   Кабинеттері  жылы, жарық, электрмен жабдықталған, қасбеті  абаттандырылған, - деді мектеп директоры Айгүл Касимова.

Тасқала ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Бастау ауылындағы 10 гектарлық су қоймасын қалпына келтіру жоспарларымен танысты. 1980 жылдардың басында су қоймасы салына бастаған. Алайда, әртүрлі жағдайларға байланысты жоба жүзеге асырылмады.

 

 

Бүгінгі таңда аудан әкімшілігі ауылдағы  суармалы егіншілікті дамыту үшін еріген қар суын пайдаланып келген. Аймақ басшысы аудан әкіміне  су қоймасының жобаны аяқтап, оны қарауға ұсынуды  тапсырды.