11 Қазан 2019
80

БҚО-ға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев келді

Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Бәйтерек ауданының Дариян ауылына барды.

 

 

Премьер-Министрдің орынбасары бастаған үкіметтік топ  ауылдағы арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығымен танысты. Əлеуметтік орталық 2019 жылдың маусымында ашылған. Онда стационарлық күтімге алынған 38 мүгедекке  8 бағытта көмек көрсетіледі. Орталықта 50-ден астам адам қызмет етеді. Оның ішінде дефектолог, психолог, психиатр, терапевт дəрігері, кітапханашы, мəдени ұйымдастырушы бар.

 

 

Одан кейін мəдениет үйінде Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбында жарияланған Жолдауы аясында жиын өтті. Тұрғындармен кездесуде ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АƏК жайында баяндады. Министрдің орынбасарының айтуынша, еліміздегі 400 мыңнан астам отбасы, яғни 2 миллиондай адам жаңа үлгідегі атаулы əлеуметтік көмек алады. АƏК алу үшін отбасының табысы кедейшілік шегінен аспауы тиіс.

 

 

"АƏК төленетін 1 млн.  300 мың баланың 60 пайызы - көп балалы отбасылар. Яғни осы санаттағы отбасылар мұқтаж болып отыр. Келесі жылы табыс көлеміне қарамай 4 немесе одан да көп баласы бар отбасыларға АƏК тағайындаймыз. Əр балаға 11 мың теңгеден төленеді. Кірісі аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген көмек беріледі. Əлеуметтік пакетте тамағы, киім-кешек, гигиеналық құралдар қамтылады. Кепілдендірілген көмек əлеуметтік карта - сертификат арқылы беріледі", - деді Б.Сапарбаев.

 

 

Жиында тұрғындар сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев əлеуметтік салада атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде айтты. - Қазіргі уақытта халықты толғандырып жүрген мəселелерді шешу - басты назарда. Тəуелсіздік алғаннан бері экономикалық қиындықтарға қарамастан халықтың əл-ауқатын арттыруға көңіл бөлінуде. Биылғы бюджет қаражатының 40 пайызы əлеуметтік салаға бағытталған. Бірақ масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек. АƏК табысы аз отбасыларға демеу білдіру бағытында төленеді. Одан əрмен азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастырумен шұғылданамыз.

 

 

Бүгінде білімді, тəрбиелі ұрпақ тəрбиелеуіміз қажет. Елбасы да, Мемлекет басшысы да мұғалімдер мəртебесін көтеруге тапсырма берді. Соған байланысты жаңа заң жобасы Парламентте талқылануда. Мұғалімдердің құқығы қорғалады. Материалдық тұрғыда көмек көрсетіледі. Денсаулық саласын да нығайтуымыз керек. Бұл бағытта жаңа Кодекс қабылдау қарастырылуда. Дəрігердің жауапкершілігін күшейту қажет. Соған сəйкес медициналық қызметкерлер жалақысын көтереміз. Мемлекет басшысы Жолдауынан туындаған міндеттерді орындаймыз. Биылғы тоғыз айда əлеуметтік салаға 146 млрд. теңге бағытталды. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда қаражат көлемі 9 есе көбейген. АƏК алу бойынша оң көрсеткіштер байқалады. Бірақ үйде жатып, ақша алғысы келеді. Олай болмайды, - деді Бердібек Сапарбаев.

 

 

Тұрғындармен кездесуде министрдің орынбасары мəдениет, білім, денсаулық салалары жəне зейнетақы жүйесі, əлеуметтік төлемге қатысты басым бағыттарды баяндады. Облыс əкімі Ғали Есқалиев мемлекет басшысы жүктеген міндеттер орындалатынын, жиында көтерген тұрғындар көтерген мəселе шешімін табатынын айтты.