12 Қазан 2019
38

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары оралдық жастармен жүздесті

Оралдағы оқушылар жəне жастар сарайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастар ұйымдары өкілдері, еріктілер және жас кəсіпкерлермен кездесті.

 

 

Алдымен облыс əкімі Ғали Есқалиев сөз алып, жастарға емін-еркін сұрақ қоюды ұсынды. Кездесуде ҚР Ақпараттық жəне қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин жастар саясатының бағыт-бағдарын түсіндірген соң, өңірде мемлекет қолдауымен кəсіпкерлік бастаған жастар өз жетістіктерімен бөлісті.

 

 

Облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі Асылан Тапишев өңірде 1175 жас аталған штаб қарауында қызмет еткенін айтты.

 

 

- «Жасыл ел» бағдарлама ауқымында төленетін үстеме ақыдан табыс салығы мен зейнетақы жарнасы ұсталынады. Мəселен, 35 394 теңге төленсе, қолға 28 600 теңге тиеді. Мерзімді жұмыс болған соң, студенттер қомақты қаражат тапса дейміз. «Жасыл ел» төлемі тұтас берілсе, - деген ұсыныс жасады Асылан Тапишев. - Мемлекет тарапынан қолдау жалғасады. Сіздердің көкіректеріңізде жақсы идеялар қайнап жатыр. Келесі жыл Еріктілер жылы деп аталуы тегін емес. Еріктілердің көп бөлігі – сендерсіңдер. Қарияларға жанашырлық танытып, қайырымдылық шаралармен айналысып жүрсіңдер. Мейірімділік – баба қасиеті. Мемлекеттік бағдарламалар көмегін тиімді пайдаланып, кəсіп бастаңыздар. Жастар саясатын дамытуға бағытталған ұсыныстарды қолдаймыз. Еріктілерді ауылдарда көбейту қажет. Сонда жастар қоғамға пайдалы жұмыс жасайды. Тəртіп бұзбайды. Ата-анасы алаңдамайды, - деді жастар сұрағына жауап берген Бердібек Сапарбаев.