18 Қазан 2019
194

Жаңа тағайындау

 

 

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс  Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Ернар Бекетұлы Бекетов тағайындалды.

 

 

Бекетов Ернар Бекетұлы 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Пенсильвания штатының университетін «Экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

- Орал қаласы әкімі кеңесшісі;

- Батыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;

- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары;

 

2019 жылдың наурыз айынан бастап Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.