18 Қазан 2019
179

Ғали ЕСҚАЛИЕВ, БҚО әкімі: «Мемлекеттік қызметкерлердің кірісі жоғары болса, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық едәуір азаяды»

 

Бүгін облыс әкімдігінің Нұр-Сұлтан залында облыс әкімі Ғали Есқалиев пен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбек Әбдікәрімовтың қатысуымен «Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік құрылымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аспектілері, еліміздегі жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

 

 

О. Әбдікәрімовтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық сынды қоғамдық кесел қоғамда бүгін пайда болған жоқ, ол  - бұрыннан келе жатқан қоғамдық кесел. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ТМД елдері ішінде бірінші болып қоғам дертімен күресу жөнінде заң қабылданды. «Мұның өзі дамушы елдердің басынан өткеретін кезеңі болса керек. Жемқорлықпен күрес бағытында бағдарламалар қабылданды, бірқатар жұмыс істелінді. Әйтсе де,  барлығы бірдей іске асып жатыр деуге болмайды», - деді төраға.

 

Ғали Есқалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз сөзінде сыбайлас жемқорлықты жою және жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін тапсырғанын айта келе, өңірдегі қоғам дертімен күрес бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

 

-Жыл басынан облыс бойынша 116 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 39 құқық бұзушылық жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 41%-ға төмен болғанымен, бұны жақсы көрсеткіші деп санауға болмайды. Осы бағытта әлі де ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.


Облысымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда.


Мысалға, өңірімізде қолға алынған «Ашық әкімдік» жобасы азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсететін алаңға айналып, тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер арасын едәуір жақындатқаны сөзсіз. Бүгінде «Ашық әкімдік» Орал қаласының әкімдігі ғимаратында, Ақжайық, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жұмыс істейді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, білім беру және медицинада салаларында орын алып отыр. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында осы салалар бойынша бірқатар қызметр автоматтандырылды.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын, табысты және өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды 80%-ға жеткізу міндеті қойылды. Қазіргі таңда, жергілікті атқарушы органдармен 193 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 128-і электронды түрде беріледі (76%). Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 80%-ға жеткізу көзделуде., - деді облыс әкімі. Одан әрі қарай облыс басшысы  алға қойылған міндеттерді іске асыруда тек мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары атсалысу қажеттігін алға тартты. Облыста «Болашаққа парасыз. Бірге!» жобасы қарқынды жүзеге асырылып, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Адал ұрпақ» клубы құрылған.


Биылғы 9 айдың ішінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде әртүрлі ұйымдар өкілдерімен 125 кездесу, 35 нұсқама, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 500-ден астам түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Өңірде бос жер телімдерін сату электронды әдісімен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалған Zem.kz порталы арқылы жүргізіледі. Әрбір азамат немесе заңды тұлға, электронды түрде сайтқа тіркеліп, аукционға қатыса алады. Адам факторының болмауы, яғни юбұл әдіс сыбайлас жемқорлықтың алдын алады, пара берушілікті болдырмайды.


Жыл басынан бері 94 гектарды құрайтын 180 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша электронды 32 аукцион өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаспақ.

О. Әбдікәрімовтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық сынды қоғамдық кесел қоғамымызда бүгін пайда болған жоқ, ол  - бұрыннан келе жатқан қоғамдық кесел. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ТМД елдері ішінде бірінші болып қоғам дертімен күресу жөнінде заң қабылданды. «Мұның өзі дамушы елдердің басынан өткеретін кезеңі болса керек. Жемқорлықпен күрес бағытында бағдарламалар қабылданды, бірқатар жұмыс істелінді. Әйтсе де,  барлығы бірдей іске асып жатыр деуге болмайды», - деді төраға.

 

Елбасымен 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өткендей,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі болуы тиіс. Ол үшін мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін нығайтқан жөн деп атап көрсетілді. Осыған орай Мемлекет басшысы қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді. «Президент жемқорлықтың тамырын балта шаппаса,  ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтты. Жыл сайын елімізде 2000-нан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеледі және жауапкершілікке бір мыңның үстінде адам тартылады. Жемқорлардың араны ашылып барады», - деді төраға.

 

Дөңгелек үстел басында жемқорлыққа қарсы күрес жайында Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасының кеңесшісі Қанат Қадырбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті басшысы Рустам Ақмырзаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім меңгерушісі Мағрипа Нигишева және өзгелері өз ұсыныстарымен бөлісті.

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев  бірнеше ұсынысын білдірді. «Жемқорлық деңгейін азайту бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын бірнеше есе көтеру қажет. Бұған мемлекеттің мүмкіндігі бар. Екіншіден, мемлекеттік функциялардың кейбірін бәсекелестік ортаға, жекеге беру керек. Сөйтіп экономикадағы мемлекеттің үлесін азайтуымыз қажет. Бұған кейбір заңдар, заңдық актілер мүмкіндік бермейді. Келесі жылы колледждер мен мектептерді жеке бизнеске бергіміз келеді. Қазір дайындық жұмыстарын жасалуда. Осы екі тәсілді, яғни мемлекеттік функцияларды жекеге беру және қалған функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік қызметкерлердің кірісі жоғары болуы керек. Сонда қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты едәуір азайтамыз деген сенімдемін», - деді Ғали Есқалиев.