20 Қазан 2019
108

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4-ші және 8-ші жылу магистралін реконструкциялау және кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.

Бүгінде №4 жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарын «Астана ИнжКомСтрой» ЖШС атқаруда. Аталған нысанда мердігер мекемемен 2018 жылы 346 м жылу магистралі жаңғыртылса, биылғы жылы 652 м магистральға жаңа құбырлар салынды. Төртінші жылу магистралі гидравликалық сынақтан өтіп, қазіргі таңда іске қосылды.

Ал №8 жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары аясында 1,2 шақырым жылу магистралі жаңғыртылды. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, облыс әкімі Орал қаласының Саратов трассасы бойындағы Д1000 мм қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстарын тексерді. Жалпы ұзындығы 4,7 км болатын жобаға бюджеттен 255,8 млн.теңге жұмсалды. Жоба бойынша бұл нысан 2020 жылға ауыспалы болып келеді. Бүгінде жұмыстар 57% орындалды. Ұзындығы 1,5 км болатын материалдар сатып алынып, қазіргі таңда 1080 м құбыр монтаждалды.

 

– Ыстық және салқын су бойынша қала тұрғындарынан көптеген шағым келіп түсуде. Жөндеу жұмыстары кесірінен қала тұрғындары зардап шекпеу керек. Ең бастысы жұмыстың тез аяқталуы емес, оның сапасының жоғары болуына аса мән беру қажет, – деді Ғали Есқалиев.