22 Қазан 2019
114

БҚО-да өрт оқиғасы 17,8 пайызға төмендеген

Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаментінде жедел кеңес өткізіліп, 9 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды.

 

 

Кеңес жұмысына БҚО ТЖД басшылығы, департаменттің ведомостволық бағынысты бөлімшелерінің басшылық құрамы қатысты. Жиында департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков баяндама жасады. Орынбасардың сөзінше, 9 ай ішінде департаменттің авариялық-құтқару бөлімшелері 2000-нан астам дабыл түскен. Оның ішінде өрт сөндіру қызметі 389 рет шықса, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 623 авариялық-құтқару жұмысын жүргізген. АМО филиалы мен трассалық медициналық-құтқару пункті 70 шақыртылған. 1 201 адам құтқарылып, 748 адам эвакуацияланған. Ал зардап шеккен 70 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

 

 

-Өрттің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлықтары мен сенбіліктері, өртке қарсы акциялар өткізілді. Жергілікті полиция қызметі, коммуналдық және газ қызметтерінің қызметкерлері, "Жас Отан" ЖҚ-ның еріктілері, студенттер мен ҮЕҰ-ның өкілдерімен бірге өткіздік. 2019-2020 жылғы жылыту маусымының І кезеңі облыс орталығының 14 ауданы мен бау-бақша серіктестіктігі профилактикалық іс-шараларымен қамтылды, - деді Н.Таубеков. Нұрлан Таубековтің айтуынша, рейдтік профилактикалық іс-шараны жүргізу кезінде департамент қызметкерлері әлеуметтік осал топқа жататын 1 436 үйді есепке алған. Жалпы профилактикалық ісшаралар өрт санының 17,8%-ға, өрт кезінде зардап шеккендердің 41%-ға төмендеуіне септігін тигізген. Ал тұрғын үй секторындағы өрт 20%-ға төмендеген. Табиғи және техногендік сипатта 456 төтенше жағдаймен мен оқиға тіркелген. Одан 79 адам зардап шексе, 14-і қаза болған.