25 Қазан 2019
106

Каратэшілер жүлделі оралды

Ресей Федерациясының Чебоксары қаласында WKC каратэдан Ресей кубогі үшін Х жарыс өтті.

 

 

Оған Ресейдің 15 өңірінен бөлек, Қазақстаннан да жерлестеріміз қатысып келді. -700-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты додада командалық кумитэда Әділет Бержанов І, санбон кумитэдан Дамира Неткалиева ІІІ, иппон кумитэдан Анель Нұрболат ІІІ орын алды, - деді олардың бапкері Фархад Жалмурзин.

 

 

Айта кетейік, Әділет пен Анель қарашада Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде.