29 Қазан 2019
140

Оралда мемлекеттік қызметшілер кәсіби шеберліктерін шыңдады

 

 

 

Оралда мемлекеттік қызметшілер кәсіби шеберлікті шыңдап, біліктілікті арттыруды көздейтін семинар тренингте бас қосты. Өңірлер мықты болса, мемлекеттің де күш-қуаты артып, айбыны асқақтай түспек! Бұл ретте аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыру заман талабы. Өйткені аймақтық реформалардың сәтті жүзеге асуы сол жердегі басқарушы кадрлардың құзырет шегіне тікелей қатысты. Ал, осы орайда мотивациялық дәрістер мен интерактивті пікір талас, тренингтердің көмегі зор,- дейді сала басшылары. Кәсіби дағдыны дамытып, трансформациялық ойлаудың жаңа мәдениетін қалыптастыруды көздейтін семинар жұмысына түрлі саладағы мемлекеттік қызметшілер, басқарма-департамент мамандары мен аудан әкімдері қатысты. Шара барысында олар күнделікті қызметте жиі кездесетін проблемалық сұрақтарға жауап іздеп, мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Қалияр Айтмұхамбетов, Ақжайық ауданының әкімі: - Оқу барысында біздер мына заң тұрғысында, ғылыми тұрғыда, елімізде болып жатқан өзгерістерге өзіміздің көзқарасымызды қалыптастырып жатырмыз. Болашақ жұмыста осы алған біліміз халықпен жұмыс жасағанда өзінің жақсы әсерін тигізеді деген ойдамыз. Ғалым Тұрсынбаев, ҚР МҚІСЖҚІА облыстық департамент басшысы: - Осы жұмысты біз әрі қарай да жалғастырамыз. Қазіргі таңда біз академияның филиалымен өзіміздің жоспарларымыз бар. Осы оқуды тек қана тек қана облыс орталығында ғана емес, мына аудандарға да шығып оқыту мәселелерін, басқа мемлекеттік қызметшілерді оқытуды қолға аламыз деген ойымыз бар.