30 Қазан 2019
21

Департаментпен алғаш рет онлайн қабылдау жүргізілді

 
 
 
2019 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алғаш рет WhatsApp және Skype желілері арқылы азаматтарды онлайн қабылдау жүргізді. Аталған қабылдауда 6 азамат түрлі өтініш ұсыныстарымен хабарласты. Қабылдау барысында азаматтардың көтерген мәселелері бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев толық жауаптар берді. Мұндай онлайн қабылдаулар азаматтардың уақытатын үнемдеуге және шалғай елді-мекендерден келу үшін шығынданбауға бағытталған.
Департаменттің +7 771 596 50 19 нөмірлі WhatsApp және Skype желілері арқылы онлайн қабылдау тұрақты түрде әр айдың соңғы сәрсенбісінде жүргізілетін болады.