01 Қараша 2019
174

Оралда студенттерге электронды қызметтер залы ашылды

Оралдық студенттер енді қандай да бір анықтаманы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып уақыт жоғалтпайды.

 

Өңірдегі жоғарғы оқу орындарының бірінің базасында электронды қызметтер залы жұмыс істей бастады. Мұнда мемлекеттік қызметтің 60 шақты түрін алуға мүмкіндік бар. Оқу орнында сондай ақ студенттердің жобаларын қолдайтын коворкинг орталығы мен спорттың бірнеше түрі бойынша жаттығу залдары ашылған. Ол үшін университет ғимаратының бұған дейін қараусыз қалып келген жертөлесі толықтай қайта жаңғыртылып, су жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті.

Гауһар Камалова, Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің жетекшісі:  

- Студент болсын, мұғалім, оқытушы қызметкер болсын ЦОН-ға бармай именно осы университет территориясында кез келген анықтама алуға мүмкіндігі болады. Оны алу үшін алдымен қызметкерді болсын, студентті болсын алдымен оқытып үйрету керек. Өйткені ешқайсысы электронды қызметтерді жатқа білмейді. Сондықтан біз Орал қаласындағы ХҚКО-ның өкілдерімен кездесіп алдымен өзіміздің iT пәнінен сабақ беретін оқытушыларды оқытып үйретіп курстан өткіздік.   

Руфат Сатыбалдиев, тренажёр залының жаттықтырушысы:

- Спорттың 11 түрі бойынша жұмыс істеп келеді. Үстел теннисі залы жаңадан ашлыған, тоғызқұмалақ интеллектуалдық ойындары, шахмат ойындары, тренажер залы, фитнес, күресі залы және ауыр атлеткалық залы. Сол залдарда яғни студенттерге арналған жаттығу процесі күнделікті жүріп жатыр.