05 Қараша 2019
67

БҚО-дағы 379 мектепте «Адалдық сағаты» өтті

Батыс Қазақстан облысындағы 379 мектепте дәстүрлі «Адалдық сағаты» өткізілді.

Орал қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысып, «Парасаттылық» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту. Мектеп ұстазы арнайы тренинг өткізіп, оқушылар өз ойларын постерлер арқылы бейнеледі. Арнайы көрсетілген бейнероликтер арқылы оқушылар тұжырымдарын шыңдады. Н.Самет өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырып, барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

Департамент қызметкерлері Б.Хайруллин, Г.Мурзакаева, Р.Қуанышкалиев, Е.Ерланұлы, Н.Ихсангалиев №1, №17, №19, №35 мектеп пен эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназияда шаралар өткізді. «Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық білім басқармасы және білім беру бөлімдері қолдауымен ұйымдастырылуда.