06 Қараша 2019
61

Оралдық студент республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті дамыту, құрметтеуді қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында "Тілдарын-2019" республикалық олимпиадасы өтті.

 

 

Олимпиадада М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 2-курс студенті  Аружан Хасан жүлделі 3-орынға ие болды.