06 Қараша 2019
11

«Батыс Қазақстан және Саратов облыстарының іскерлік клубы» аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

 

 

 

2019 жылғы 6 қарашада Ресей Федерациясының Омск қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен «Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастықтың форумы аясында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Бекетов Ернар Бекетұлы және «Саратов облысының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы президенті Антонов Алексей Васильевич арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойылған келісімнің мақсаты аймақтардағы қазақстандық-ресейлік кәсіпкерлік пен гуманитарлық серіктестікті дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру болып табылатын, «Батыс Қазақстан және Саратов облыстарының бизнес клубы» қоғамдық бастамасының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.