12 Қараша 2018
574

БҚО-да 153 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге аспақ

12.11.2018ж

 

 

 

Қалдықтарды қайта өңдеу кешені мен халықаралық дәрежедегі қонақ үй, аттракциондар паркі мен алма бағы. Бұл – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асуы тиіс жобалардың бір бөлігі. Тұтастай алғанда жыл басынан бері өңірде негізгі капиталға тартылған инвестиция 273 миллиард теңгені құрап отыр. Батыс Қазақстан облысында 10 миллион гектардай жайылым жер бар. Өңірдің табиғаты мен өсімдіктер әлемі қой өсіруге аса қолайды. Күні бүгін аймақтағы шопан ата тұқымы 1 миллионнан асқанымен, оның жартысы ғана ұйымдасқан шаруашылықтарда. Аталған саланың әлеуеті артуына инвесторлар жәрдемдеспек. Олар Қаратөбе ауданынан 25 мың гектар жер алып, 5 мың бас саулық ұстамақшы. Романов қойы екі жылда үш төлдеп, кем дегенде үшемнен қозылауымен ерекшеленеді. Осы арқылы жылына 35 мың бас қозыны Таяу Шығыс елдеріне жөнелту жоспарланған. Инвесторлар жергілікті ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Болатқали Төлебаев, БҚАТУ доценті, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты: - Смарт технологиялар, инновациялық технологиялар қой шаруашылығында да қазіргі енгізілетін болады. Сонымен қатар бұл қой тұқымынан тон тігетін жақсы терілер алынады. Мысалы, Романов қой етіне сұраныс әлемде өте жоғары. Арман Атауов жоба жетекшісі «Біздің есептеуімізше, жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын инвестиция мөлшері 1,7 млрд теңге. Жобаға кеткен қаржы 3,5 жылда қайтатын болады. Керекті қаражаттың 30 пайызын өз қалтамыздан жұмсасақ, 70 пайызы «Аграрлық несие корпорациясынан» бөлінетін болады. Бұдан бөлек биыл облыста жалпы сомасы 153 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге аспақ. Оның жартысы шетелдік инвесторлардың көмегімен қаржыландырылады. Осы арқылы 360 жаңа жұмыс орны ашылады. Жанна Бекқалиева, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының бөлім басшысы: - Биыл облыста 22 млрд теңгеге 10 жоба іске қосу жоспарланып отыр. Іске қосылған жобалардың ішінде сэндвич-панельдерді атап өтуге болады. Май комбинатын жаңғырту, дизельді отын өндірісі, тағы басқа өндірістер іске қосу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,5 пайызға артып, 273 миллиард теңгеге жеткен. Оның 60 пайызын сыртқы инвестициялар құрайды.

 

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов