08 Қараша 2018
809

МОБИЛЬДІК ҮКІМЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ҚОСЫМША АРНАСЫ

 

08.11.2018ж

 

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының 2018 жылдың 10 айындағы жұмысы туралы» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалының директоры Марат Владимирович Бассаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

Баршаға белгілі, Egov порталында «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру» қызметі енгізілді. Бұл қызмет жылжымайтын мүліктің (пәтерлердің, үйлердің) меншік иелеріне онда кім және қанша адам тіркелгенін білуге мүмкіндік береді. Ол үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы, ЭҮП тіркелуі, жылжымайтын мүлік объектісін таңдауы, өтінімге ЭЦҚ немесе смс-құпия сөз арқылы қол қоюы қажет. Сондай-ақ Egov порталында қызметтерді телеграмм БОТ арқылы алу сервисі іске қосылды. Айта кетейік, «Бот» сөзі «робот» сөзінің қысқартылған нұсқасы,бұл автоматты тәртіпте немесе команда немесе берілген кесте бойынша түрлі іс-қимылдарды орындайтын белгілі бір бағдарлама. Осылайша, боттар адамдарға өз күштері мен уақытын үнемдеуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар барлық жұмысты әлдеқайда жақсы және жылдам реакциямен орындайды. Бүгінгі күні мұндай боттар көптеген қызмет салаларында, яғни жарнама, компьютерлік ойындар, интернет-аукциондар, мессенджерлер және басқа да көптеген салаларда кеңінен қолданылады.  

 

–  2018 жылғы 26 мамырдан Egov порталында көлік және жүргізуші куәлігін тіркеу қызметі енгізілді. Енді азаматтар, ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық үкімет порталында мамандандырылған ХҚКО-ға немесе ІІМ-нің тіркеу-емтихан бөлімшесіне бармай, автокөлікті қайта ресімдей алады.  Бұл жаңалық азаматтардың уақытын үнемдеуге ғана емес, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Өтінімді портал арқылы беру кезінде ешқандай құжаттарды сканерлеу талап етілмейді, барлық қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелерден тартылады.

 

Онлайн қызметті алу үшін сатушы egov.kz порталында авторизациядан өтуі, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізуі, айыппұлдардың, салық қарыздарының және техникалық байқаудың бар-жоғын тексеруге сұрау салуы, ал олар болған жағдайда электрондық үкімет порталы арқылы төлем жасауы қажет. Осыдан кейін сатып алушы электрондық үкімет порталындағы өзінің жеке кабинетінде өтініммен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеруден кейін нөмірлік белгі, көлік құралын тіркеу және тіркеу туралы куәлік үшін мемлекеттік бажды төлеуге көшуге болады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-мәмілені растайды және оның нөмірлік белгі алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келуі ғана қалады.

 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Орал қаласында мамандандырылған ХҚКО ашылды, мұнда көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу және ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

 

2018 жылы 14 тамыздан бастап ЭЦҚ қолдану мерзімі қорғалған тасығыштарда - жеке куәліктер, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey  3 жылға дейін ұзартылды. Бұл жаңалық қорғалған ақпарат тасығыштардағы кілттерге қатысты болады. Файлдық жүйеде ЭЦҚ кілттерінің әрекет ету мерзімі 1 жыл болып қалады, өйткені сақтаудың бұл түрі сертификатталмаған және жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді.

 

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек айында Орал қаласында ресми түрде көші-қон ХҚКО ашылды. Көші-қон ХҚКО-да шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден және медициналық тексеруден өте алады, ЖСН ала алады, сақтандыру полисін және ҚР еңбек қызметіне рұқсатты ресімдей алады. Көші-қон қызметтері орталығы Орал қаласы, Гагарин көшесі, 2/5 мекенжайында орналасқан.

 

Мобильдік үкімет – халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша арнасы. Қызметтерді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алуға және «Электрондық үкімет» порталында тіркелу немесе авторизациядан өту арқылы mGov-қа қосылуға болады, – деді Марат Владимирович.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі