08 Қараша 2018
623

БҚО-ДА «ENGLISH FOR JASTAR» ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

 

08.11.2018ж

 

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «English for jastar» жобасы туралы» тақырыбында «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Мерекеұлы Шамғалиев, «English for jastar» жобасының Пәкістан елінен келген еріктісі Jadoon Aimal Khan, «English for jastar» жобасының еріктісі Ару Мусаеваның  қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

– «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы мақұлдап, қолдау білдірген жаңа партиялық жобаларды іске асыру еліміз бойынша қарқынды жүргізілуде. Осы мәселе аясында «Жас Отан» Жастар Қанаты және «Болашақ» Қауымдастығының  «English for jastar»  жобасы БҚО-да бастау алды. Ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасау – ең өзекті мәселелердің бірі. 

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша ең алдымен жоба Ақжайық, Теректі, Сырым, Бөрлі, Зеленов және Тасқала аудандарында пилотты түрде жүзеге асуда.

 

Партиялық жобаны іске асыру үшін арнайы еріктілер тобын жасақтап отырмыз. Барлығыда Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері. Соның ішінде екі шетел азаматы бар. Олар да ерікті ретінде біздің елге келіп, жастарға ағылшын тілін үйретуге келісім берген азаматтар. Шетелден келетін екі еріктінің бірін Тасқала және Сырым ауданына  жолдап отырмыз, – деді  Ерлік Мерекеұлы.

 

 – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатына және «Болашақ» Қауымдастығына аталмыш жаңа жобаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл жобаның басты мақсаты  балаларға ағылшын тілін үйренуге ынталандыру. Жоба бойынша Сырым ауданыдағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқыту бағдарламасын интерактивті форматта жүзеге асырғалы отырмыз. Қазіргі таңда алғашқы күніміз басталды,–деді Ж.Досмұхамедов педагогикалық колледжінің шет тілі мамандығының 4 курс студенті Ару Мусаева.

 

Ал Пәкістаннан келген Jadoon Aimal Khan бұл жобаның ұнайтындығын және  сол үшін балаларды оқытуға келісім бергенін тілге тиек етті.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі