08 Қараша 2018
602

БҚО-ДА «ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 101 ИДЕЯ» КАМПАНИЯСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

08.11.2018ж

 

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жастарға арналған 101 идея» тақырыбында БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Қажимерұлы Сакошев, БҚО Жастар ресурстық орталығынң басшысы Мержан Завушұлы Әбілқастың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

Әмбеге аян, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды.

 

– Осы орайда Батыс Қазақстан облысында «Жастарға арналған 101 идея» кампаниясы жүзеге асырылады. Батыс Қазақстан облысы жастарының ұсыныстарын негізге ала отырып, жастар үшін жұмыстың басты бағытын анықтау–  кампанияның мақсаты. Кампанияға қатысушы жастар өз ойларын  онлайн сауалнамалар (zhastar-07.kz, www.crowd.kz2050.kz сайттарында, гугл сауалнама) мен көшелерде өткізілетін анонимді сауалнамалар арқылы білдіре алады.

 

Кампания арқылы ұсынылған пікірлер мен жобалар арнайы жастар арасында өткізілетін ашық алаңдарда талқыланып, облыстық жастар форумында қорытындыланады. Жиналған нақты ойлар мен жобалар жастарды дамытудың жол картасына енгізілетін болады, – деді Аян Қажимерұлы.

 

–  «Жастарға-кеңес» шарасының ең басты мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жұмыспен  қамту, бизнес бастау, діни, заңгерлік кеңес  т.б. бойынша тегін және  қолжетімді кеңестер беру, жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жастарға мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық және мемлекеттік білім беру бағдарламалары  туралы ақпараттандыру. Жыл бойы өтетін шара БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың, облыстық басқармалар және Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асады, – деді Мержан Завушұлы.

 


Самал ЖАМЕТ,БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі