05 Қараша 2018
403

Жарықтың бағасы өспейді

 

05.11.2018

 

Ел арасында «қазан айынан бастап электр жарығының құны өсе­ді екен...» деген алып қаш­па әңгімелер желдей есіп жүрген еді.

Бұл ақпараттың қаншалықты рас-өтірігіне БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті жауап берді. Аталмыш департаменттің бас маманы Айболат Берікқалиев­тің айтуынша, «БатысЭнерго­Ресурсы» ЖШС осы жыл­дың 28 тамызында электр энергиясының бағасын 9,9 пайызға өсіретін­дік­тері жө­нінде хабарлама жіберген.
– Олар жіберген хабарламада электр энергиясын не себепті өсіргісі келетіндеріне бірнеше себепті көрсеткен. Алай­да біз барлығын жан-жақты қарап, электр энергиясының бағасын өсіруге ешқандай негіз жоқ екенін анықтадық. «Батыс­ЭнергоРесурсы» ЖШС-ға бағаны өсіруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды
хабарлама жібердік. Осы жылдың соңына дейін жарықтың бағасы өспейді, – дейді БҚО табиғи монополияларды реттеу жә­не бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы Айболат Бақытұлы.

 

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ, 
zhaikpress.kz