02 Қараша 2018
691

Digital AQJAIYQ тұжырымдамасы аясында «Smart Uralsk» мобильді қосымшасы іске қосылды

02.11.2018ж

 

Облыс әкімі А.С. Көлгіновтің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының» кеңсесінде «Digital Breakfast» іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін цифрландыру қажет деп атап өтті. Елбасының тапсырмаларын орындау аясында облыста барлық салаларға цифрландыруды енгізу белсенді түрде жалғасуда. Облыста білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары және «Смарт сити»,т.б. салаларда 50-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, әкімдік ҚР Ақпарат және байланыс министрлігімен бірге 2018-2020 жылдарға арналған облыстың 92 елді-мекенінде ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желілері) бойынша жұмысын белсенді түрде бастады.

 

Digital AQJAIYQ тұжырымдамасы аясында аймақты цифрландыру бойынша жобаларды таныстыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде үйлестіруші және атқарушы болып табылатын офистің жаңа кеңсесінде өтті. Облыс әкімі Алтай Көлгінов кездесу барысында, іске қосылған «Smart Uralsk», мобильді қосымшасы қала тұрғындары мен қонақтар арасында танымал болатынын атап өтті. Осы қосымшаның пайдаланушылары білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, коммуналдық қызметтер, жер қатынастары және басқа да салалардағы қалалық қызметтер туралы маңызды ақпаратты алуға және онлайн-сервисті тегін алуға мүмкіндік алады.

 

Облысты цифрландыру шеңберінде келесі жобалар табысты жұмыс жасайды: «Смарт Орал», денсаулық сақтау саласында азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және білім беру саласында балабақшаларда электронды кезекке тұруға арналған  K-VRACHU.KZ мобильді қосымшасы, жолаушылар ағымында электронды билетті пайдалану жүзеге асырылу және INFOBUS қосымшасы көлік диспетчерлеу жүйесін атқаратын;  Uralsk.e-saulet.kz сайтында СЖТ (сәулеттік жоспарлау тапсырмасы) орналасқан сәулет және қалалық құрылыс бөлімінің негізінде құрылған «Электрондық архитектура» мобильді қосымшасы «7/24» қағидасына сәйкес және т.б. қосымшалар  іске қосылды.

 

Алдағы уақытта, Астана қаласының үлгісіне сәйкес, төтенше-құтқару қызметтерінің бірыңғай -109 Call-орталығы, қалалық коммуналдық-авариялық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы, «БҚО геоинфопорталы» жобасы, сондай-ақ  «IT-HUB»  шағын өнеркәсіптік аймағын құру жобалары жүзеге асырылады.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 қараша күні Орал қаласында Цифрландыру мәселелері бойынша форум өтізіледі.

 

- Біз қолайлы ортаны құру мақсатында Мемлекет басшысының әлеуметтік, экономикалық, іскерлік міндеттерін іске асыру үшін сандық технологияларды ілгерілету үшін жеке IT-компаниялардың күш-жігерін біріктірдік. Қауымдастыққа жаңа цифрлық технологиялардың әртүрлі стартаптарын әзірлеуге жастарды дайындау үшін  7 компания кіреді. Бүгін мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, біз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде белсенді жұмыс істейміз, - деді БҚО IT-қауымдастығының төрағасы Петр Лежников.

 

 Айта кету керек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысының  bko.invest.gov.kz инвестициялық порталы іске қосылды. Инвестициялық порталдың негізгі мақсаты - аймаққа инвестициялар тарту, аймақтың инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.