01 Қараша 2018
414

Батыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы

 

01.11.2018ж

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысының bko.invest.gov.kzинвестициялық порталы жұмысын бастады.

 

Инвестициялық портал мақсаты - облысқа инвестиция тарту, облыстың инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығын ашу, инвестициялық өсудің стратегиялық бағыттары мен өсу қарқының анықтау, инвесторларға ақпараттық көмек көрсету.

 

Порталда ақпарат 3 тілде көрсетілген (қазақша, орысша және ағылшынша).

 

Порталда аймақ туралы, мемлекеттік қолдау шаралары (түрлері және оларды алу жолдары), инвестициялық жобалар картасы, тауар өндірушілер реестры, индустриалдық аймақ және облыс инфрақұрылымы туралы мағлұмат, инвестордың өңірде қолайлы жүріп-тұруына қажетті ақпарат, даму институттары туралы ақпараттар жарияланған. Сондай-ақ, аталған порталда инвесторлар өз пікірлерін жазуға, жұмыс сапасын жақсарту үшін және кері байланысқа арналған виртуалды қабылдау бөлмесі орналастырылған.