01 Қараша 2018
774

Кулкаев А.Е

 

01.11.2018ж

 

Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Құлқаев Алтай Есмағұлұлы тағайындалды.

 

Білімі - жоғары. Қазақ коммерциялық қаржы академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

 

Әр жылдары:

 

-    Теректі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,

-    Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы,

 

Ал 2015 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.