01 Қараша 2018
453

БҚО жаңа партиялық жобаларды іске асыру бойынша алдыңғы қатарда

 

01.11.2018ж

 

Бұл туралы партия Хатшысы Қаныбек Жұмашев бүгін «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХІІ есеп беру – сайлау конференциясында айтты.

 

Облыс әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, аудандық партия төрағалары мен бірінші орынбасарлары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депуттары қатысқан жиын барысында бес мәселе қаралды.

 

Облыстық ХХІІ есеп беру-сайлау конференциясын облыстық партия төрағасы Алтай Көлгінов жүргізді.

 

Партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары жөнінде облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлеймен баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірімізде 275 бастауыш партия ұйымы бар. Онда 34 128 мүше есепте тұр. Жалпы жыл басынан бері партия филиалының мүшелері 3354 адаммен толықты. Сондай-ақ ол жаңа париялық жобалар аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

- Батыс Қазақстан облысында "Балаларға арналған ақысыз IT сыныптар"

 

партиялық жобасы аясында 15 класс ашылып, 1500 оқушы білім алуда. ІТ-сыныптарда балаларды Стэм Академия Болашак Инжинииринг бағдарламасы бойынша робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу бағыттары бойынша, халықаралық стандарттарға сай арнайы бағ­дар­лама негізінде оқытуда.  IT - мамандарды даярлау бойынша Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында IT орталық жұмыс істеуде. Орталықта 30 маман оқу курстарынан өтіп, бүгінде ашылған IT сыныптарда білім беруде. 2019 жылы облыста 50 IT сыныптар ашылады, - деді облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істерге тоқталды.

 

- Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Біздің саяси ұйым осы өзгерістердің бірінен де қалыс қалмай, ауыл-елде орындалуына зер салатын болады. Партияның өз ішінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Соның ішінде уақыт талабына сай цифрландыру маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта нақты іс-əрекетке негізделген «Балаларға арналған ақысыз IT сыныптар» және «IT орталықтар» атты қос жоба қолға алынды. Заманауи білімді игеріп, технология тілін жетік меңгеруді мақсат еткен бастамашыл жобаларды жүзеге асыруда Батыс Қазақстан облысы көш басында келеді, - деді Қаныбек Бекболатұлы.

 

Конференция жұмысын қорытындылаған облыс әкімі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұруы керегін айтты.