31 Қазан 2018
497

Облыс әкімі халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы мен жүлдегерлерімен кездесті

 

31.10.2018

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жуырда Атырау қаласында өткен Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған "Байтақтан озып, бәйге алған" халықаралық ақындар айтысында топ жарған ақындар Жансая Мусина, Талғат Мықи және Бауыржан Ширмединұлымен кездесті.

 

Айтыс өнерінде өзіндік ерекшеліктерімен дара шығып, Ақжайықтың намысын қорғап жүрген ақындарға облыс әкімі тұрғындар атынан табыс тілеп, Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Сонымен қатар кездесуде Елбасының биылғы Жолдауы облысымыздың дамуына қалай әсер ететіні айтылып, өңіріміздің мәдени өмірі туралы пікір алмасылды.

 

Фото: Темірболат Тоқмамбетов.