30 Қазан 2018
296

БҚО-да қарашадан бастап мемлекеттік платформа іске қосылады

 

30.10.2018ж

 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

 

Биыл қаңтар айынан бастап облыста пилоттық режимде қағазсыз медициналық құжат айналымына көшу басталған болатын. Жоба шеңберінде уақыт өте келе сала мамандары қағазбастылықтан құтылады.

 

Айта кету керек, мемлекеттік платформаны іске қосу биыл қараша айына ауыстырылған. Кейбір компаниялар жүйені әлі де жетілдіру қажет деп есептегендіктен олардың ұсыныстары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қаралып, қайта жасақталды. 5 қарашада мемлекеттік платформа бета-нұсқада іске қосылады. Яғни компаниялар жинаған деректер мемлекеттік сервермен синхрондалады.

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғалидің айтуынша, «Қазмединформ» медициналық ақпараттық жүйесінің функционалды және емханадағы тіркеуден бастап науқасты шығаруға дейін тұтастай қағазсыз процесстің қалай өтетінін көрсетеді. Бұл ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдармен онлайн режимінде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қателердің санын азайтуға, медициналық көмекті үздіксіз қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

БҚО-да медициналық мекемелерде «Қазмединформ» медициналық ақпараттық жүйесі, кезекті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ADIS автоматтандырылған жедел медициналық басқару жүйесі енгізілген.

 

2017 жылдың қарашасында k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы іске қосылды. Мобильді құрылғы арқылы дәрігерге жазылуға болады. Осы күнге дейін оған 19 226 пайдаланушы тіркелген.

 

Мобильді қосымша арқылы дәрігерлердің кестесімен таныса аласыз. Аймақтағы медициналық ұйымдарды қарап, дәрігерге қоңырау шалуға мүмкіндік бар. Дәрігер қабылдауына жазылуға, қажет болған жағдайда жазбадан бас тарту өз еркіңізде. Сондай-ақ, ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы амбулаториялық картаны және талдау нәтижелерін көруге болады.

 

zhaikpress.kz