29 Қазан 2018
585

БҚО-да 145–шi ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

 

29.10.2018ж

 

Бүгін Орал қаласының Ықсанов көшесі бойында маусымдық көкөніс-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

 

Кезектi жәрмеңкеге Ақжайық, Қаратөбе, Зеленов, Теректі аудандарының сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысты.

 

Жәрмеңкеде барлығы 27 бас сиыр еті, 7 бас жылқы еті, 11 бас қой еті, 34 тонна картоп, 16 тонна пияз, 17 тонна қырыққабат, 11 тонна сәбіз, 4 тонна қарбыз, 3,5тонна қауын, 18500 дана жұмыртқа  сатылды.

 

Айта кету керек, бұған дейін өңірде ағымдағы жылы 144 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп, онда 437,6 млн. теңге көлемінде өнім сатылды.