29 Қазан 2018
516

Оралда жеңіл атлетикалық кросс өтті

 

29.10.2018ж

 

Бүгін Оралда жүгіру маусымының жабылуына орай жеңіл атлетикалық кросс өтті. Жаппай жүгіруге 500-ге жуық батысқазақстандық қатысты. Салауатты өмір салты мәдениетін дамыту мен халықты бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов те қатысты. Шара қатысушылары 2,1 және 4,2 км арақашықтықты жүгіріп өтті. Шара соңында белсенді қатысушыларға грамота, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Айта кетсек, облыста 714 спорт нысаны қызмет етеді, олардың 9-ы   спорттық-сауықтыру кешені. 2018 жылдың 9 айы ішінде облыста 30 спорт алаңы ашылды, жыл соңына дейін тағы 23 спорт алаңын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес  «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өңірде 100 жаңа спорт алаңдары салынады.

 

ФОТО: Александр Куприенко