26 Қазан 2018
376

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестиваль өтті

 

26.10.2018ж

 

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында XXI облыстық шығармашылық фестивалі өтті. «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ құрылғанына 30 жыл толуына және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған фестиваль төрт аталым бойынша ұйымдастырылды.

 

Шараға облыс әкімі Ғ.Оспанқұлов қатысып, фестивальдің ашылуымен құттықтап, рухы мықты, өнерлі де жігерлі жандарға денсаулық, қажырлы қайрат тіледі. Олардың арасындағы жанына спортты серік еткендердің жетістігі, ерік-жігері басқаларға үлгі-өнеге деп атап өтті.

 

«Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы Ж.Қожжанов мемлекет  тарапынан көрсетіліп жатқан кең қолдаудың арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікпен айналысатындардың, отбасын құрып, шаңырақ көтергендердің, өнерлілер мен спортшылардың саны артып келе жатқанын айтты. Гала-концертте көркемсөз оқып, ән айтқан, аспапта ойнаған жандар өнердің шегі жоқ екенін дәлелдегендей. Ал олардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ерекше төзімділікті, еңбекқорлықты паш етті.

 

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz