25 Қазан 2018
799

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы отырыс

 

25.10.2018ж

 

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастамашылығымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловтың төрағалығымен  "Электронды форматтағы қылмыстық және әкімшілік істерді енгізу жұмысының жай-күйі" мәселесі бойынша отырыс өтті.

 

Отырысқа БҚО Ішкі істер департаментінің, "Қазақтелеком" БҚО бойынша филиалының, Жергілікті полиция басқармасының өкілдері және аудан әкімдері қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы Жанат Нұрмағамбетова "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген "Электронды қылмыстық іс", "Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі", "Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы", "Е-айғақтар" пилоттық жобаларын жүзеге асыру ісінде орын алған маңызды проблемалық сұрақтарға кеңінен тоқталып өтіп, оларды шешу жолдарын ұсынды.

 

Кеңес соңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жауапты мемлекеттік органдарға қылмыстық және әкімшілік істерді электронды форматта жүргізудің жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 

Фото:  Халелова Рафхата