23 Қазан 2018
439

Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Светлана Бычкова және «Ақжол» партиясы фракциясынан Кеңес Әбсатыров Орал қаласындағы №47 орта мектеп жұмысымен танысты

 

23.10.2018ж

 

Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Светлана Бычкова және «Ақжол» партиясы фракциясынан Кеңес Әбсатыров Орал қаласындағы №47 орта мектеп жұмысымен танысты

 

Мемлекет басшысы 5 қазан күні Жолдауын жариялаған кезде үш ауысымда оқытатын және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесіне арнайы тоқталып, оны шешу үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 мрлд теңге бөлуді қарастыруды тапсырған болатын.

 

Депутат Жәмила Нұрманбетованың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 127 үш ауысымдық, 44 апатты мектеп бар. Нақты айтқанда, 124 мың оқушыға орын жетіспейді. Соның ішінде БҚО-да 5 үш ауысымды, соншама апатты мектеп бар. Бұл - 2163 оқушыға орын жетпейді деген сөз.

 

«Елбасы тапсырмасына сәйкес бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет. Құрылысы келесі жылы жалғасатын білім ордаларын қоса алғанда, 94 үш ауысымдық, 36 апаттың мектептің мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Көп жағдайда жергілікті атқарушы органның құрылыс салу жөніндегі өтініштері республикалық бюджет комиссиясы тарапынан негізсіз деп есептелінеді немесе қабылданбайды. Сондықтан бұл мәселені жергілікті әкімшілік нақтылап, министрлікпен бірге шешуі керек», деді Ж.Нұрманбетова.

 

Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, Орал қаласында жалпы орта білім беретін 50 мектеп болса, соның 10-ы инновациялық бағытта, біреуі - кешкі мектеп.

 

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары барысында жергілікті жердегі жағдаймен нақты танысып, көкейкесті мәселелердің шешілуіне барынша ықпал ететіндіктерін жеткізді.

 

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Орал және Ақжайық, Жаңақала, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарын аралап, тұрғындармен кездеседі.