23 Қазан 2018
445

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңір аудандарын аралауда

 

23.10.2018ж

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Құрманова, А.Нұркина, Ж.Нұрманбетова, С.Бычкова және К.Абсатировтермен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған жаңа міндеттер облыста қалай жүзеге асырылатыны талқыланды.

 

- Елбасының Жолдауы барша қазақстандықтардың мүддесіне сай нақты істер бағдарламасы болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде жұмыстар қарқынды жүзеге асырылатын болады, - деді облыс әкімі.

 

ФОТО: Александр Куприенко