20 Қараша 2018
1008

Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысы Мәскеу қаласында өтті

Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімді» іске асыру аясында өткізілді.

Отырыста екі елдің мүдделі Министрліктердің, мекемелердің және қоғамдық өкілдерімен қоса, ғалымдар мен депутатар да қатысты.

Тараптар Жайық өзені бассейнінің экожүйесінің қазіргі және бұдан кейінгі жай-күйінің жетілдіру перспективаларын талқылады, сонымен бірге бассейннің экожүйесін сақтау мәселесі Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық өтпелі аймаққа да маңызды деген ортақ пікірге келді.

Жайық өзені бассейнінің трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі комиссия құру туралы шешім Мемлекет басшылары Н.Назарбаев пен В.Путиннің қатысуымен өңіраралық ынтымақтастықтың XIII форумында қабылданды. Бүгінгі отырыста өзеннің экологиялық жағдайы мен 2019-2020 жылдарға арналған экожүйені сақтап қалудың бірлескен жоспары көтерілді», - деді ҚР әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, «Біздің Орал» Экологиялық Қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Тарасенко.

Отырыс нәтижесі бойынша Хаттамаға қол қойылып, сонымен қатар бірлескен комиссия туралы мәлімдемесі және «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі» іс-шаралар жоспары қабылданды.

Қабылданған Іс-шаралар жоспары 11 тармақтан және Азия мен Еуропаның кеңістігін байланыстыратын және биоалуантүрлілігі мен тарихи-мәдени мұрасы бар бірегей табиғи-экологиялық кешенді құрайтын Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсартуына бағытталған. Жоспар шеңберінде, гидрологиялық және гидрохимиялық ақпарат алмасу бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимылын жүзеге асыру, суды тазарту және орманды қалпына келтіру, биоалуантүрлілікті сақтау, оның ішінде бағалы балық түрлерін сақтау  және т.б. іс-шаралар өткізу көзделді.

Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының келесі отырысын 2019 жылы Қазақстан Республикасында өткізуге келісілді.