Өңір жаңалықтары


Израиль елшісі «Ламед» бірлестігі мүшелерімен кездесті

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Израильдің Қазақстандағы елшісі Лиат Вексельман «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Басқосуға еврей орталығының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, БҚО ҚХА құрылмдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді

20 қыркүйек сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізіледі. (https://www.facebook.com/events/2160470197585855/).

Оралда этномәдени бірлестік өкілдері Жолдауды талқылады

Оралдағы Достық үйінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында этномәдени бірлестік өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты ой бөлісті.

Оралда «Даму» қоры бірқатар кәсіпорынға пресс-тур ұйымдастырды

Жаңарған наубайхана және жаңа өнімдер мекенінде

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінуде. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту экономиканы дамытуға және әлеуметтік-саяси жаңғыруға бастайды. Бастысы кәсіпкерлікті көптеп құру қоғамдағы жұмыссыздықты азайтады, нарықты қажетті тауарлармен қамтуда, экономиканы тұрақтандыруда оң ықпал етеді. Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерге қолдау-көмек көрсетудің арқасында жаңа кәсіпорындар құрылып, жұмыс істеуде. Осыған орай. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалы мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорынға пресс-тур ұйымдастырды

Батысқазақстандық әуесқой альпинист Эльбрус шыңын бағындырды

Бір топ отандық әуесқой альпинистер Ресей және Еуропадағы ең биік тау Эльбрустың шыңын бағындырды. 29 әуесқой альпинист тауға шыңына шығуға бел буып, соның 14-і шыңды бағындырған. Солардың бірі оралдық Нәдір Құрымбаев шыңға шығудың қиындығы мен қызығы туралы айтып берді.